Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен кетуі мүмкін

Сурет: primeminister.kz
Ақтөбе облысы мәслихатының сайтында 2023 жылғы 5 қыркүйекте облыс мәслихаттарының депутаттарына арналған хабарландыру жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарландыру облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның атынан жарияланды:

"Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының облыс әкімін тағайындауға келісім алу мәселесі бойынша жиналысы 2023 жылғы 5 қыркүйекте сағат 13.00-де Аққағаз Досжанова атындағы Конференц-Холл ғимаратында өтеді", – делінген хабарландыруда.

Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде "құқықтану", ҚР Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтынад "заңгер" мамандығы бойынша білім алған.

Әр жылдары декан, институт директоры, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Дін істер комитетінің төрағасы, Маңғыстау облысының әкімі, кәсіподақтар федерациясының төрағасы болған.

2020 жылдан бастап премьер-министрдің орынбасары болып қызмет атқарған. 2021 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен ол осы қызметке қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда премьер-министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды.

2022 жылғы 31 тамызда Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

Шымкентте де мәслихат депутаттары жиынға шақырылып жатыр. Мұрат Әйтенов те әкімдік қызметтен кетуі мүмкін.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грант иегерлерінің тізімі жарияланды