Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қол қойды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың ресми сайты жариялаған құжатта.
Бұған дейін Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының облыс әкімін тағайындауға келісім алу мәселесі бойынша жиналысы өтетінін хабарлаған едік.
Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде "құқықтану", ҚР Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтынад "заңгер" мамандығы бойынша білім алған.
Әр жылдары декан, институт директоры, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Дін істер комитетінің төрағасы, Маңғыстау облысының әкімі, кәсіподақтар федерациясының төрағасы болған.
2020 жылдан бастап премьер-министрдің орынбасары болып қызмет атқарған. 2021 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен ол осы қызметке қайта тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда премьер-министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды.
2022 жылғы 31 тамызда Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалды.