Тоқаевтың жаңа баспасөз хатшысы туралы аз-кем мәлімет

Сурет: Facebook/nurmukhamed.baigarayev
Бүгін, 2023 жылғы 6 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз баспасөз хатшысын тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 қыркүйектен бастап бос тұрған бұл лауазымға Мемлекет басшысы Нұрмұхамед Байғараевты тағайындады.

Нұрмұхамед Байғараевтың Facebook-тегі парақшасындағы қысқаша мәліметке сүйенсек, ол некелескен, еліміздің астанасында тұрады.

Президенттің жаңа баспасөз хатшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасын тәмамдаған. Одан бөлек, оның "Болашақ" бағдарламасы арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алғаны (MSc of Project Management) туралы да мәлімет бар.

Бірқатар баспасөз басылымдары мен электронды БАҚ-та жұмыс істеген, атап айтқанда "Айқын" газетінің бас редакторы, "Егемен Қазақстан" басылымында бас редактордың орынбасары қызметін атқарған. 

Әртүрлі жылдарда "Хабар", "Qazaqstan" телеарналарында продюсер, сценарист және жүргізуші ретінде еңбек етті. 

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ сараптама және стратегиялық даму департаментінің директоры және "Қазақ радиолары" ЖШС бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Жаңа лауазымына дейін ол ҚР Президенті баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарған. 

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды