Қырғызстанда этникалық қазақ мемлекеттік лауазымды қызметке тағайындалды

Сурет: assembly.kz
Жогорку кенештің бұрынғы депутаты, этникалық қазақ Гүлшат Асылбаева Қырғызстанның монополияға қарсы реттеу қызметінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрлық тағайындау туралы ақпарат Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің ресми сайтында жарияланды.

"Асылбаева Гүлшат Қадырқызы Қырғыз Республикасы Экономика және Коммерция министрлігі жанындағы Монополияға қарсы реттеу қызметінің төрағасы болып тағайындалды. Тиісті өкімге Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров қол қойды", делінген хабарламада.

Гүлшат Асылбаева - этникалық қазақ, ол қазіргі Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол бұған дейін ҚР Жогорку Кенештің депутаты болған.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды