Тоқаев жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етудің ең басты тетігін атады

Сурет: pixabay
ҚР президентінің телерадиокешені әзірлеген "Батыл бастама" фильмінде мемлекет басшынысың БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясындағы Жалпы дебатта көтерген ядролық қарусыздану туралы айтқан пікірі сөз болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент БҰҰ мінберінде Қазақстан қарусыздану және қаруды таратпау саласы бойынша жаңа тетіктерді дамытуды қолдайтынын баса айтты:

"Ядролық державалар арасында ядролық қарудан ада әлем құру жолында өзара сенім мен ынтымақтастық болғанда ғана жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз ете аламыз. Осыған байланысты Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты қатаң сақтайтынын мәлімдейді. Біз қарусыздану және қаруды таратпау саласы бойынша жаңа тетіктерді дамытуды қолдаймыз".Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның пайымдауынша, 2045 жылға қарай ядролық қарудан толық бас тартудың стратегиялық жоспары қазіргі көшбасшылардың жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан ең маңызды үлесі болуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды