Астана көшелерінің біріне мажар ақынының есімі беріледі

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қарашада Ақордада Мажарстан премьер-министрімен кездесуінде Астанадағы көшелердің біріне мажар ақыны Шандор Петёфидің есімі берілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Мажарстан мәдениетаралық ынтымақтастықты дамытуға тиіс екенін атап өтті. Мажарстаннан Қазақстанға мәдени саланың өкілдері неғұрлым көп келсе, соғұрлым гуманитарлық байланыстар нығая түседі.

"Бүгін елордамыздағы көшелердің біріне мажар ақыны Шандор Петёфидің есімін береміз, бұл біздің тығыз байланысымыз бен достығымыздың тағы бір белгісі болады". Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент қай көшенің атауы өзгеретінін нақтыламады.

Шандор Петёфи – Мажарстанның XIX  ғасырда ғұмыр кешкен халық ақыны, мажар патриоты және революционері.

Бұдан бөлек Қазақстан президенті екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру үшін қосымша қадамдар жасау керек екенін атап өтті.

Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан Астанада ресми сапармен жүр. Ол Қазақстанға 1 қараша күні келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді