Тоқаев Мажарстанмен тауар айналымды арттыруды жоспарлап отырғанын айтты
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесуінде екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру үшін қосымша қадамдар жасау керек екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Виктор Орбан екеуі халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тет-а-тет нәтижелі пікір алмасу болғанын атап өтті.
"Екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайту үшін қосымша қадамдар жасау керек деген қорытындыға келдік. Осыған байланысты үкіметіңізге біздің елдер арасындағы саудаға серпін беру үшін тиісті шаралар қабылдауды ұсынуыңызды өтінемін, өйткені оның қазіргі деңгей біздің экономикаларымыздағы әлеуетке сәйкес келмейді". Қасым-Жомарт Тоқаев
Жалпы, президенттің айтуынша, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастық оң үрдіс алып келеді.
Виктор Орбан Қазақстанға соңғы рет пандемияның алдында келгенін, сол кездің өзінде екі ел арасындағы қарым-қатынас жақсара түскенін атап өтті. Алайда коронавирус кедергі келтірген.
"Ал біз қайта қарқын беруге келдік. Тарихи тамырымыз бір. Біз сіздің жетістіктеріңізге өте қуаныштымыз. Туысқандардың жағдайы жақсы болса, бізге де жақсы. Сіздер шығыстасыздар, біз батыстамыз. Шығыстан батысты, батыстан шығысты түсіну әркез оңай емес. Бірақ мұнда әрдайым әлемге бірге қарауға мүмкіндік бар". Виктор Орбан
Ол экономикалық мәселелерді ғана емес, саяси мәселелерді де талқылау маңызды екенін айтты.
"Біз қазір қауіпсіздік тұрғысында тұрақсыз кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Мажарстан қазір Еуропаның күрделі бөлігінде тұр. Бұл мәселелерді достармен және бауырлас халықтармен талқылау өте маңызды. Тек экономикалық емес, қауіпсіздік мәселелері де маңызды". Виктор Орбан
Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан Қазақстанға 1 қараша күні келді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript