"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторының ресейлік олигархтармен байланысы жоқ

Сурет: primeminister.kz
ҚР пемьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр 4 қарашада өткен брифингте "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына жауапты инвестордың ресейлік олигархтармен байланысы жоқ деп сендірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Роман Скляр "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жаңа инвесторларының ресейлік олигархтармен байланысы туралы әңгімелердің барлығы фейк екенін айтты.

"Сіздерге жауапкершілікпен мәлімдеймін. Сіз атаған (Ресей – ред.) ел ғана емес, кейбір шетелдік компаниялар немесе басқа елдердің адамдары келіп, кәсіпорынды иемденетіні туралы ақпараттар жалған. Меніңше, сіз де онымен келісесіз. Цифрланған заманда кез келген тұлға туралы ақпарат ерте ме, кеш пе шығады, тарайды. Қаржыландыру көздері бар, ашық дереккөздер бар. Қазір ақпарат алу оңай, ол үшін нақты бір байланыстың қажеті жоқ. Интернетке кіріп-ақ, мұның бәрін табуға болады. Сондықтан мұндай хабардың еш мәні жоқ".Роман Скляр

Сондықтан премьер-министрдің бірінші орынбасары қазақстандықтарға "АрселорМиттал Теміртауды" беру кезеңіне шыдамды болып, мәміленің нәтижесін күтуді ұсынды.

"Шыдамды болыңыз, көресіз, инвестор келеді. Меніңше, ол кәсіпорынның резонансты және қайғылы оқиғаларын ескере отырып, БАҚ-пен сөйлесуге ашық болады. Олар БАҚ-қа ақпарат беруге, инвестицияларды көрсетуге, өндірістің нақты жақсы нәтижесін көрсетуге міндетті болады. Біз мұны қадағалаймыз".Роман Скляр

Бұған дейін ол "АрселорМиттал Теміртауды" қазақстандық инвестор сатып алатынын айтқан. Роман Скляр Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға кінәлілердің барлығы жауапқа тартылатынын да айтты.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады