Тоқаев Сауд Арабиясы Тақ мұрагерін "EXPO-2030" көрмесін өткізу құқығын жеңіп алуымен құттықтады

Сурет: akorda.kz
2023 жылы 30 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі, Ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын "EXPO-2030" халықаралық көрмесін Рияд қаласында өткізуге қатысты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдағанын хабарлайды.


"Еліңіздің айтулы шараны өткізуші ретінде таңдалуы Корольдіктің жаһандық деңгейдегі мәртебесін, сондай-ақ саудтықтардың қажырлы ұмтылысы мен мемлекет басшылығының жігерлі табандылығын тағы да дәлелдейді. Шығанақ өңіріндегі Қазақстанның басты серіктестерінің бірі Сауд Арабиясымен тығыз ынтымақтастығымыздың жылдан-жылға нығайып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында әлеуеті жоғары қарым-қатынастарымызды халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дамыта түсетінімізге кәміл сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі, Ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас сауд халқына құт-береке тіледі.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды