Атақты "Асы жайлауы" мемлекеттік меншікке өтті

Сурет: Алматы әкімдігі
Бұл туралы парламент мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат осы жаңалықты Facebook-тегі парақшасына жазды. Ол "Жер аманаты" республикалық жер комиссиясының жұмысы аясында комиссия төрағасы және мүшесі, комитет инспекторлары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Масақ ауылдық округінде халықпен кездесіп, Буғыты қыстауында 2,4 мың гектар ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің қайтарылғанын жария еткен.

"Онымен қоса, "Іле-Алатау Тур" ЖШС-нен #03-044-184-002 кадастрлік нөмердегі аумағы 3 500 гектар ауыл шаруашылық мақсатындағы атақты "Асы жайлауы" деп аталатын жердін мемлекеттік меншікке қайтарылғанын жария еттік", - деп жазды депутат.

Асы жайлауының мемлекеттік меншікке Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінін 2023 жылғы 1 маусымдағы #907 қаулысымен қабылданды.

Сонымен қатар депутат "Жер аманаты" республикалық жер комиссиясы мүшелері Ақмола облысына іссапарға шығуға әзірленіп жатқанын қоса кетті. 

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды