Жауапкершілік жүгі жеңіл болмайды

Сурет: Тараз қаласының әкімдігі
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте шаһар бюджетінің болжамды орындалуы мен бюджеттік өтінімдердің барысы қаралды. Сондай-ақ округтердегі тазалық мәселесі мен ауыз су, жол, тұрғын үй құрылысы талқыға түсті.

Жиында ең әуелі қала әкімдігінің тазалыққа жауапты маманы Қанат Нұрланов сөз алып, округтерді зерделеу барысында орын алған олқылықтарды баян етті. Бұл мәселеге қатысты қала әкімі Бақытжан Әмірбекұлы округ инспекторларынан жеке-жеке жауап алып, олардың жұмысын зерделейтін арнайы топ құруды тапсырды. Егер инспекторлардың жұмысы көңілден шықпайтын болса, оларды қызметтен босату мәселесі қаралмақ.

Келесі кезекте сөз тізгіндеген қала әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Жеңіс Пәрімбеков қаңтар-қараша айларындағы бюджеттің болжамды орындалуын айтты. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына қала бюджетінің кіріс бөлігінің болжамды орындалуы 107,2 пайызды құраған. Есепті кезеңдегі жоспар 45 502,6 млн теңге болса, орындалуы 48 758,5 млн теңге немесе 3 255,9 млн теңгеге артығымен орындалуы күтілуде.

Кеңесте қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев 2024 жылғы бюджеттік өтінімдердің қабылдау барысын тілге тиек етті. Бақытжан Әмірбекұлы құжаттары толықтай дайындалмаған жобаларды бюджеттік өтінімге қабылдамауды бөлім басшысына тапсырды.

Жиында бұдан өзге мектептерді сапалы ыстық тамақпен қамту, ауыз су, жол, тұрғын үй құрылысы сынды мәселелер де қаралып, жауаптыларға тиісті тапсырма берілді.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады