Тоқаевқа орнықты көлік базасын қалыптастыру жөнінде қабылданған шешімдер туралы айтылды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысына орнықты көлік базасын қалыптастыру жөнінде жүйелі шешім қабылданғаны туралы мәлімет берілді.

Оның негізін жылдам жүретін қоғамдық көліктер құрайды. Жаңа BRT, LRT және метро желілерін ашу заманауи мегаполистің талаптарына сай келетін қалалық ұтқырлықтың тиімді моделіне көшуге мүмкіндік береді. Осы орайда "Қалқаман" жаңа метро станциясын ашып, метрополитеннің "Барлық" базарына дейінгі үшінші кезегін салу жұмыстарын бастау керек. Сондай-ақ метроны солтүстік және шығыс бағыттарда дамыту жобаларын жүзеге асыруға кірісу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Төле би көшесімен өтетін және Алматының батысы мен шығысын жалғайтын LRT-нің (26 км) бірінші желісін іске қосу көзделген.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың көлік жүйесін дамыту жөніндегі жобаларды қолдайтынын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл жобалардың іске асырылуы Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыруға септігін тигізіп, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы тиісті құжаттарды тез арада дайындап, жобаларды жүзеге асыруға кірісу керек екенін айтты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін