Алматыдағы сейсмология институтын неге ТЖМ-ға өткізіп берген

Сурет: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматының Ұлттық сейсмологиялық бақылау ғылыми орталығы неге ТЖМ-ның қарауына берілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Бақытжан Базарбек Мәжіліс отырысында Ғылым және жоғары білім министрінен Алматының Ұлттық сейсмологиялық бақылау ғылыми орталығы неге ТЖМ-ға қарауында екенін сұрады. Өйткені сейсмологтар мен ғалымдар бұл институт ғылым министрлігі басқаруында болу тиіс деп санайды екен.

Саясат Нұрбек кезінде бірқатар институттардың салалық министрліктерге табысталғанын баса атап өтті. Осыған байланысты сейсмология институты да қазір ТЖМ қарамағында болып табылады.

"Өкінішке қарай, ол арада толықтай қаржыландыру деген жоқ, өйткені қаржыландыру салалық принцип бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ біздің қолымызда бұл инстиутқа қандай да бір жолмен көмектесуге, олардың қызметіне араласуға мүмкіндік беретін құралдар жоқ. Егер оны бізге қайтарса, біз оған қуанамыз", – деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, биыл институтқа шамамен 3,5 млрд теңге грант бөлу жоспарланып отыр.

4 наурызда Алматыда 5 балдық тағы бір жер сілкінісі болды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін