Тоқаев Ресейдегі терактіге байланысты Қауіпсіздік кеңесінде отырыс өткізеді

Сурет: akorda.kz
23 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен Ресей Федерациясындағы лаңкестік әрекетке байланысты шаралар туралы кеңес өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Мәскеудегі лаңкестік әрекетті қатаң айыптайтынын айтқан.

22 наурызда кем дегенде үш камуфляж киген адамдар  "Крокус Сити Холл" ғимаратының бірінші қабатына басып кіріп, автоматтан оқ жаудырды. Оқиға Пикник рок тобының концертіне бірнеше минут қалғанда басталды.

Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің соңғы ресми мәліметі бойынша, 60 адам қаза тапты, құрбандар саны артуы мүмкін.

Ресей
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді