Хат мұражайдың Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Жазба сипаттамасында аталған хаттың 1959 жылы, яғни 65 жыл бұрын жазылғандығы айтылады.
"Құрметті Қонаев мырза, Мейер ханым екеуміз өзіңізбен және сіздің қызметкерлеріңізбен кездесуге мүмкіндік бергеніңіз үшін алғыс айтқымыз келеді. Біз қонақжайлылықтарыңыз және мемлекеттік құрылым ерекшеліктерін аса ыждаһаттылықпен түсіндіріп, көптеген мемлекеттік мекемемен жекелей танысуға мүмкіндік бергеніңіз үшін өте ризамыз. Жақын болашақта АҚШ-қа барарсыз және бұл жағдайда Нью-Джерси штатын да сапарлау нысанына қосарсыз деген үміттенеміз", делінген губернатордың хатында.
Хат орыс тілінде жазылған.
Айта кетсек, 2023 жылдың тамыз айында әлеуметтік желіде Қонаев пен Вьетнамның Тұңғыш Президенті Хо Ши Миннің бірге түскен суреттері жарияланған болатын.