Тоқаев еліміздегі органикалық өнімдерді таңбалау туралы заңға қол қойды

Сурет: pixabay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда органикалық өнімдерді таңбалауға жатқызатын заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды. 

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндірісі және айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген құжатта.

"Органикалық өнім өндірісі және оның айналымы туралы" және оған ілеспе "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндірісі және оның айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдар органикалық өнім саласындағы заңнаманы жақсартуға, ішкі нарықты дамыту мақсатында өндірушілерді осындай тауар жасауға ынталандыруға және шетелде бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға бағытталған. Заңдарда органикалық өндіріске көшу шарттары белгіленген, өнім өндіруге, таңбалауға және айналымға қойылатын талаптар айқындалған, сондай-ақ есепке алу және бақылау жүйесі жасалған.


Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі