Тоқаев корейлік компанияны корпоративтік несие беруге күш салуға шақырды

Сурет: Ақорда
Қазақстан-Корея бизнес форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев BNK Financial Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Бин Дэ-Инмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы компанияның өз иелігіндегі BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымын толыққанды екінші деңгейлі банкке айналдыру ниетін құптады. Оның пікірінше, Оңтүстік Кореядағы жетекші банктің Қазақстанда қызмет етуі екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру рәсімі аяқталған соң, корпоративтік несие беруге күш салуға шақырды. Сондай-ақ банк саласында озық IT-шешімдерді пайдаланудың маңыздылығына назар аударды.

Айта кетсек, BNK Financial Group Inc. – Оңтүстік Кореяның қаржылық тобы. Оның құрамына Busan Bank, Kyongnam Bank, BNK Capital және басқа да компаниялар кіреді. Компанияның активі – 129 миллиард доллар. Ал таза табысы – 504 миллион доллар. Қаржылық топ әлемдегі ең ірі компанияларды есепке алатын Forbes Global 2000 тізіміне енген.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі