Өзбекстанның Энергетика министрі Қазақстан маңында салынатын АЭС құрылысы туралы айтты

Сурет: Zakon.kz/Елисеева Екатерина
Өзбекстанның Энергетика министрі Журабек Мырзамахмудов 21 маусымда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің төртінші кеңесінің аясында Қазақстан шекарасына жақын АЭС құрылысына түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мирзамахмудовтың айтуынша, салынып жатқан атом электр станциясының радиусында Қазақстанға қарағанда Өзбекстан халқы көп.

"Бұл біз үшін де өте маңызды. Барлық қауіпсіздік шаралары және алаңды орналастыру бойынша барлық тиісті халықаралық талаптар сақталатын болады. Сондай-ақ, МАГАТЭ миссиясы да дайындықты зерттеді. Ол барлық іс-шаралар халықаралық талаптарға сәйкес келетінін растады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – атом электр станциясын салудағы ең маңызды басымдық", - деп толықтырды ол.

Сондай – ақ, Журабек Мырзамахмудов алаңның Қазақстанның жанында әдейі таңдалмағанын, тек АЭС құрылысының талаптары - сейсмикалық, инфрақұрылым және МАГАТЭ-нің барлық талаптары негізінде таңдалғанын атап өтті.

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ШҚО-да жоғалған сәби аман-есен табылып, ата-анасына табысталды

Вьетнамда туристер мінген катер аударылып, 15 адам қаза тапты - видео

Қызылорда облысындағы Арал ауданында жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауыты ашылды

Белгілі журналист, ақын Жұмабек Табынбаев өмірден өтті

Алматы маңында есірткі зертханасы жойылды: күдікті өмір бойына түрмеге тоғытылуы мүмкін