Қасым-Жомарт Тоқаев Еревандағы саммит аясында бірқатар кездесу өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өтіп жатқан COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммитте бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2026 16:36 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 16 қазанда Биоалуантүрлілік мәселелері жөніндегі саммит аясында бірқатар кездесу өткізді. Кездесулердің мән-жайы Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы ЮНЕСКО Бас директоры Халед Әл-Ананимен Қазақстанның ұйыммен білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын дамыту перспективаларын талқылады.

Кездесуде елдер арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытуға және диалогты нығайтуға бағытталған халықаралық бастамаларды бірлесіп ілгерілетудің маңызы атап өтілді.

Сондай-ақ Президент Еуропалық комиссияның таза, әділ және бәсекеге қабілеттілікке көшу мәселелері жөніндегі атқарушы вице-төрағасы Тереза Риберамен кездесті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропалық одақтың орнықты даму, энергетика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері қаралды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: