Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Сурет: rg.ru
2024 жылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ Қытай көшбасшысының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысатыны да нақтыланады.

Айта кетсек, 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Бұл туралы 5 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Орталық Азия елдеріне жұмыс сапарымен барады. 29 маусымда басталатын туры аясында ол Қазақстанға да ат басын тіреуге ниетті.  БҰҰ Бас хатшысы ең алдымен Өзбекстанның астанасы Ташкентке барады. Антониу Гутерриштің 4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысатыны да нақтыланады.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды