ШЫҰ-ның кезекті саммиті қашан өтетіні белгілі болды

ШЫҰ-ның кезекті саммиті қашан өтетіні белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 12:02 Сурет: akorda.kz
ШЫҰ-ның келесі саммиті қашан және қайда өтетіні анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда 5 маусымда мәлімдеді.

"Биылғы 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді", делінген хабарламада. 

Жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады.

Форумға бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктес мемлекеттердің басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, соңғы рет 21 мамырда Астанада ШЫҰ елдерінің СІМ басшылары кеңесі өткен болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: