БҰҰ-ның Бас хатшысы Қазақстанға ат басын тіремек
Бұл туралы ақпарат БҰҰ-ның ресми сайтында жарияланды.
Жұма күні Нью-Йоркте өткен брифинг барысында БҰҰ басшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик Гутерриштің Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Түрікменстанға баратынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, ат басын тіреген әр елде Антониу Гутерриш Мемлекет басшысымен және Үкіметтің басқа да жоғары лауазымды өкілдерімен кездеседі, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күреске байланысты жобалармен танысып, жергілікті белсенділермен сөйлеседі.
БҰҰ Бас хатшысы ең алдымен Өзбекстанның астанасы Ташкентке барады. Антониу Гутерриштің 4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысатыны да нақтыланады.
Айта кетсек, БҰҰ-ның Бас хатшысы Орталық Азия елдерінде соңғы рет 2017 жылы болған.