БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Украинаға барды

БҰҰ, Ресей, Украина, БҰҰ Бас хатшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 09:30 Сурет: Facebook/António Guterres UN Secretary General
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Украинаға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Twitter-ге гуманитарлық қолдауды кеңейту және бейбіт тұрғындарды қақтығыс аймақтарынан эвакуациялауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасатынын жазды.

Сейсенбі күні Гутерриш Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен және сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, одан кейін Польша арқылы Украинаға аттанған еді.

Бейсенбі, 28 сәуірде Гутерриш Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: