БҰҰ-ның Бас хатшысы Украинаға келіп-жетті

Ресми сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2023 00:29 Сурет: Instagram/unitednationsrussian
БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Украинаға келіп-жетті, деп хабарлады Zakon.kz.

8 наурызда Антониу Гутерриш Украина астанасында ел президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак брифинг кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

Бұған дейін БАҚ-та Гутерриш пен Зеленский 8 наурызда, сәрсенбіде кездесетінін, оның барысында астық мәмілесін ұзартуды және басқа да осымен байланысты мәселелерді талқылауды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. Осы сапардан кейін БҰҰ Бас хатшысы Нью-Йоркке оралады.

БҰҰ өкілі басқа да бірқатар мәселелерді қозғауға ниетті.

19 ақпанда БҰҰ-ның бүкіл әлемдегі мұқтаж жандарға көмек ретінде 250 миллион доллар бөлуді жоспарлап отырғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: