Си Цзиньпин 10 жасар қазақстандықты беделді университетке оқуға шақырды

Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2024 жылғы 2 шілдеде Астанаға мемлекеттік сапармен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин келді. Елордада маңызды қонақты балалар хоры мен тікұшағы бар кортеж қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналист Әділ Балтабаев ресми кездесуден шағын бейнемен бөлісті.

"PRESIDENT" жобасының жүргізушісі және авторы күтіп алу кезінде балалар қытай тілінде ән айтып, өздерін таныстырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, қатысушылардың бірі – 10 жасар Әмірхан Си Цзиньпинді "ата" деп атады.

"Бала ҚХР басшысын қытай тілін білуімен таң қалдырды. Соның арқасында, ол біздің президент оқыған Пекин тіл және мәдениет университетіне оқуға шақырту алды", – деді іс-шарада болған оқиға туралы Балтабаев.

Қытайдың көшбасшысы Қазақстанда үш күн болады: 2-4 шілде аралығында.

Сапар бағдарламасы жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізуді және бірқатар маңызды құжаттарға қол қоюды көздейді.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі