Тоқаев елімізде Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялады

Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылы 8 қаңтарда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Айта кетсек, 2024 жылы 19 желтоқсанда Сенат Қазақстан мен Франция Үкіметтері арасындағы елімізде Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялады.

Келісім Франция Президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында 2023 жылы 1 қарашасында Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының Үкіметтері арасында экономикалық және қаржылық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында қол қойылды.

"Келісімнің мақсаты – Француз даму агенттігі тобының Қазақстандағы қызметінің құқықтық, салықтық және қаржылық шарттарын айқындау болып табылады. Француз даму агенттігі – Франция Үкіметінің дамушы елдерге орнықты даму мақсатында ресми көмек көрсететін ұйым. Келісімде Француз даму агенттігінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесі және рұқсат етілген қызмет түрлері айқындалған. Француз даму агенттігі мемлекеттік және жеке компанияларға 15 жылға дейінгі ұзақ мерзімді қарыздар беру арқылы қолдау көрсетеді. Француз агенттігі Қаржы даму институты ретінде негізінен энергетика, көлік, коммуналдық шаруашылықтағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырады", – дейді сенатор Бибігүл Жексенбай.

Бұдан бөлек Француз даму агенттігі әйелдер кәсіпкерлігіне арналған кредит желісін ұйымдастыру және жобаларға грант бөлу және техникалық жәрдемдесу арқылы қолдайтын болады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдаған болатын.

Қазақстан
Еуроодақ
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды