Астанада өтетін әскери парадқа Вьетнамнан жоғары мәртебелі қонақ келеді

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-7 мамыр күндері Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың 2025 жылғы 30 сәуірдегі басылымында атап көрсетілгендей, жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақстандық-вьетнамдық сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланады.

7 мамыр күні Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадты тамашалайды.

Бұған дейін Қазнетте алаяқтар парадты 7 мамырдан 9 мамырға ауыстырамыз деген жалған видео таратып жатқаны белгілі болды. Демек, бұл видеодағы алаяқтар Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың сөзін жалған дауыспен пайдаланған. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеру 7 мамырда Астананың бас алаңында өтеді. Оған 4000-нан астам әскери қызметші, 300-ден астам қару-жарақ пен әскери техника, соның ішінде Ұлы Отан соғысындағы әскери техника үлгілері және майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының 60 ұшағы қатысады.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды