Тоқаев пен Си Цзиньпин жүргізген келіссөздер нәтижесінде 24 құжатқа қол қойылды

Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, екі ел делегациясының мүшелері энергетика, аэроғарыш, цифрландыру, кеден, ауыл шаруашылығы, электронды сауда, туризм, зияткерлік меншік, медицина, медиа, ғылым, өңіраралық байланыс салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын құжаттармен алмасты.

Сурет: Ақорда

Олардың ішінде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау, техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер бар.

Сурет: Ақорда

Бұған дейін Тоқаевтың Ақорда резиденциясында Си Цзиньпинді қарсы алғанын жазғанбыз. Одан кейін Мемлекет басшысы ҚХР төрағасымен келіссөз жүргізуді бастады. Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасының елімізге сапары оның туған күнімен тұспа-тұс келіп отырғанына ерекше мән беріп, Си Цзиньпинге зор денсаулық, бақ-береке, жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі. Келіссөз барысында Президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және стратегиялық серіктесі деп атады. Сондай-ақ Си Цзиньпин қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Президентке ризашылығын білдірді.

Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана
Си Цзиньпин

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті