Тоқаев грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиды құттықтады

Сурет: Instagram/tokayev_online
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өз құттықтауымен Мемлекет басшысы Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Айдос Сұлтанғалиды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!", деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін, яғни 20 қыркүйекте грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақта Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль иеленгені белгілі. Қазақстанға грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатының бұл алтыны 26 жылдан кейін бұйырып отыр. Бұған дейін 1999 жылы Афинада өткен әлем чемпионатында отандасымыз Мхитар Манукян (63 келі) чемпион атанған еді. Қазақстандық файтер Қуат Хамитов Загребте (Хорватия) өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғалидың тіркеген тарихи жеңісіне қатысты пікір білдіріп, жүлде қорын сынға алған болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды