Қуат Хамитов Айдос Сұлтанғалиға тағайындалған жүлде көлеміне қатысты наразылық білдірді

Айдос Сұлтанғали, грек-рим күресі, алтын медаль, жүлде, Қуат Хамитов, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2025 13:50 Сурет: видеодан алынды
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов Загребте (Хорватия) өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғалидың тіркеген тарихи жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қуат Найман деген лақап атымен көпшілікке танымал файтер сыйақы көлеміне қатысты наразылық білдірді. Ол Қазақстанның ХХІ ғасыр тарихындағы алғашқы алтын медаль иегеріне берілген 10 мың долларды лайықты марапат деп санамайды.  

"Ер азаматымыз тарих жасады, оған ең құрымағанда футболшылар алып жүрген бір айлық жалақыны беріңдер, жарымағыр 10 мың долларды емес. Бұл – тарих! Алло! Иә, әлем чемпиондарына берілетін сыйақы туралы заңды өзгерту керек!", деп жазды Хамитов Instagram-дағы kzsports аккаунтында.

Айта кетсек, күні кеше Қазақстанға грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатының алтыны 26 жылдан кейін бұйырды. Бұған дейін 1999 жылы Афинада өткен әлем чемпионатында отандасымыз Мхитар Манукян (63 келі) чемпион атанған еді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: