Amazon Қазақстанды спутниктік байланыстың өңірлік хабын қалыптастыруға болатын алаң ретінде қарастырады

Сурет: Ақорда
Бұл туралы бүгін, 2025 жылы 22 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскиді қабылдауы кезінде айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Amazon компаниясының аға вице-президенті, жаһандық және құқықтық мәселелер жөніндегі бас директоры Дэвид Запольски цифрландыру, байланыс және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықтың жай-жапсарын талқылады.

Президент Amazon компаниясының еліміздің Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, сондай-ақ "Қазақтелеком" компаниясымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарына қолдау білдірді.

Ынтымақтастық Қазақстан аумағындағы жылдамдығы жоғары интернетті қамтамасыз ету және киберқауіпсіздікті нығайту секілді стратегиялық маңызды бағыттарды қамтиды.

Amazon тек елімізге қатысты жобаларды жүзеге асырумен шектелмей, Қазақстанды спутниктік байланыстың өңірлік хабын қалыптастыруға болатын алаң ретінде қарастырып отыр.

Қазақстан Президентінің Нью-Йоркке жұмыс сапары аясында "Қазақтелеком" және Amazon Kuiper компаниялары Kuiper спутник желісінің қызмет көрсетуіне қатысты дистрибьюторлық келісімге қол қойды.

"Соған сай Amazon Kuiper компаниясы Алматы, Ақкөл және Ақтау қалаларында өзінің жердегі инфрақұрылымын жасақтауды көздейді. Бұл жобаға 200 миллион долларға жуық инвестиция салу жоспарланған. Аталған бастама Мемлекет басшысының цифрлық инфрақұрылымды дамыту және еліміздің барлық өңірі үшін заманауи телекоммуникация қызметіне теңдей қол жеткізу тапсырмасын орындау аясында іске асырылады", делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін әлемге әйгілі бренд Алматы облысында зауыт салуға кіріскені хабарланған

АҚШ
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты