Президент: Егемендік декларациясының 35 жылдығы – еліміз үшін тарихи белес

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Егемендігі туралы декларацияның 35 жылдығын атап өтті.

Ол бұл тарихи құжаттың ел тарихында ерекше орын алатынын, азаматтық сана-сезімнің мызғымас негізі екенін атап көрсетті.

"Көптеген елдердің тарихына қарасақ, мұндай құжаттар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ғасырлар бойы сақталады. Егемендік туралы декларация – мемлекеттігіміздің берік арқауы, халқымыздың жарқын болашаққа ұмтылысының айқын көрінісі", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев егемендіктің алғашқы күнінен бастап мемлекеттілікті нығайту мен халықтың әл-ауқатын арттыруға басымдық берілгенін жеткізді. Сонымен қатар, ол адал және бәсекеге қабілетті азаматтарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.


"Еңбек – берекенің бастауы. Біз жұмысшы мамандарды қадірлейтін, құрметтейтін қоғам құруымыз керек", – деді Президент.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты