Никол Пашинянды Ақордада қалай қарсы алды

Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 21 қарашада Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қабылдау рәсімінде екі елдің ұлттық гимндері орындалды. Тараптар бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Сурет: akorda.kz

Пашинян ресми сапармен Астанаға кеше, 2025 жылғы 20 қарашада келді. Әуежайда оны Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Сурет: akorda.kz

Сапар бағдарламасына екі ел делегациялары арасындағы келіссөздер кіреді, онда Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланады.

2025 жылғы 21 қарашада Армения Премьер-министрі Instagram-да қар басқан Астананың фонында видео жариялап, дәстүрлі жүрек белгісін көрсетті.

Армения
Қазақстан
Астана
Пашинян Никол
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды