Қазақстан президенті: Жаңа Ұлттық жүк әуе компаниясын жан-жақты қолдау қажет

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде құрылатын Ұлттық жүк тасымалдаушы әуе компаниясының жұмысын қолдау маңызды екенін айтты. Бұл туралы ол жүк авиациясы мен логистика саласын дамыту мәселелеріне арналған отырыста мәлімдеді.

Мемлекет басшысы алдағы үш-бес жылға арналған жүк тасымалы компанияларын қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды.

"Негізгі мақсат – қосылған құн тізбегін қалыптастыру арқылы мультимодальдық логистиканы дамыту. Әуе кемелерінің флотын ұлғайту транзиттік әуе желісін дамытудың өзекті бөлігі", – деді Президент.

Тоқаев Қазақстанда жүк ұшақтарының тапшылығы бар екенін де атап өтті. Осыған байланысты Үкіметке 25 жылдан асқан жүк ұшақтарына қойылған шектеуді қайта қарауды ұсынды.

"АҚШ-тағы FedEx компаниясының ұшақтарының орташа жасы – 28 жыл. UPS-та – 30 жыл, Ұлыбританияның One Air әуе компаниясында – 33 жыл. Мұндай мысалдар жеткілікті", – деді Мемлекет басшысы.

Президент жүк авиациясын дамыту Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейту үшін аса маңызды екенін айтты.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда магистратураға түсуге өтініш қабылдау мерзімдері жарияланды

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?