АҚШ елшісі Алматыдағы консульдық ғимаратының құрылысына қатысты пікір білдірді

Сурет: senate.parlam.kz
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффт 2026 жылғы 13 ақпанда журналистермен болған кездесуде Алматыдағы АҚШ консулдығының құрылысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Джули М. Стаффт Алматыдағы АҚШ консулдығының құрылысын үлкен жоба деп санайды.

"Бұл жоба біздің дипломатиялық қарым-қатынастарымызға деген адалдығымызды тағы да бір паш етіп, және, шын мәнінде, Алматыда АҚШ-тың дипломатиялық миссиясының аясын кеңейтеді. Себебі Астанада біз бармыз, ал Алматыда енді күшейтіледі. Келесі аптада Алматыға барғалы отырмын және жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын бірінші рет көретін боламын. Менің ойымша, бұл құрылысты аяқтау үшін бірнеше жыл қажет болады", - деді ол.

2025 жылғы 19 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда АҚШ консулдығы ғимаратын салу үшін жер учаскесін жалға беру туралы ҚР және АҚШ үкіметтері арасындағы келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойды. Бұған дейін келісімге 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Нью-Йоркте қол қойылғаны хабарланған болатын. Ауданы 70 593 шаршы метр жер учаскесі қосымша жалдау шартымен 49 жыл мерзімге жалға беріледі. Аталған кезеңдегі жалдау ақысының мөлшері 25,3 млн долларды құрайды және осы келісім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірыңғай төлеммен төленетін болады.

АҚШ
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін