Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Фото: primeminister.kz
Бүгін, 2026 жылғы 29 мамырда Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларды қарсы алу сөзінде бұл күннің айрықша маңызын атап өтті.

"ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің, бақылаушы елдердің басшыларын және шақырылған қонақтарды Астанада қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Іс-шараларға қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бүгінгі кездесудің мәні ерекше. Осыдан 12 жыл бұрын, 2014 жылдың дәл осы күні, біздің бірлестігіміздің негізін қалаған келісімге қол қойылды. Жоғары кеңестің шешімімен 29 мамыр ресми түрде Еуразиялық экономикалық одақ күні болып жарияланды", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бірлестіктің құрылғанына 10 жылдан асты.


"Осы уақыт ішінде экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Сондай-ақ Жоғары кеңес отырысымен қатар Қазақстан астанасында Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр. Форум қорытындылары көпжақты іскерлік әріптестікке жаңа серпін береді деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Іс-шараға Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрінің орынбасары Мгер Григорян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысуда.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өткен болатын.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін