Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Фото: eaeunion.org
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында ЕАЭО-ның сыртқы сауда-экономикалық әлеуетіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы одақтың араб әлемі елдерімен, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Латын Америкасы мемлекеттерімен, сондай-ақ беделді өңірлік экономикалық бірлестіктермен байланыстарын одан әрі кеңейту қажет екенін атап өтті.

"Қазіргі кезеңде Үндістанмен еркін сауда аймағын құру жөніндегі келіссөздер белсенді түрде жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмысты маңызды деп санаймын. Бүгін жабық форматтағы отырыста Беларусь Президенті Александр Лукашенко еркін сауда аймақтарын құру және бақылаушы мәртебесін беру мәселесінде серіктестерді іріктеп қарастыру туралы орынды ұсыныс айтты. Яғни, кез келген елді емес, нақты критерийлерге сай келетін және ЕАЭО-ға нақты пайда әкеле алатын мемлекеттерді таңдау қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы ЕАЭО-ның цифрлық негізін нығайтудың маңызын атап өткен болатын.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін