Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының төрағасы қызметінен кетті

Сурет: Қазақстан Халық партиясы
Астанада Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс съезі өтті. Делегаттар партияның жаңа төрағасы етіп Нұрсұлтан Шоқановты сайлады. Партияның бұрынғы төрағасы Ермұхамет Ертісбаев съезге қатысушылар алдында сөз сөйлеп, соңғы үш жылдағы жұмысты қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ертісбаев партия басшылығының ауысуына қатысты да пікірін білдірді. Ол бұл жаңару - кез келген саяси ұйымның дамуындағы заңды кезең екенін, әсіресе жаңа Конституция қабылданғаннан кейін Қазақстанда жүріп жатқан ауқымды саяси өзгерістер жағдайында өте маңызды екенін шегелеп айтты.

"Дамудың кез келген кезеңі жаңаруды талап етеді. Бұл - табиғи процесс, онсыз алға жылжу мүмкін емес", - деп мәлімдеді ол.

Ертісбаевтің айтуынша, Халық партиясы меритократия, кәсіби біліктілік, жауапкершілік пен сабақтастық принциптеріне негізделген заманауи басқару мәдениетін жүйелі түрде қалыптастырып келеді. Сол себепті жаңа төрағаның үміткерлігін анықтау кезінде оның нақты жұмыс нәтижелері, басқарушылық тәжірибесі, көшбасшылық қасиеттері, команданы ұйыстыра білу және партияны одан ары дамыту қабілеті ескерілді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша делегаттар Нұрсұлтан Шоқановты Қазақстан Халық партиясының төрағасы етіп сайлады.

Нұрсұлтан Шоқанов 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (КИМЭП) "Қаржы" мамандығы бойынша тәмамдаған, кейіннен Швейцариядағы IMD бизнес-мектебінде Executive MBA дәрежесін алған.

Партияның жаңа төрағасы "Құрмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" және "Заңғар" медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің және Алматы қаласы мәслихатының Алғыс хаттарымен марапатталған.

Бұған дейін Азат Перуашев "Ақ жол" партиясы төрағасы қызметінен кеткенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты