Берік Асылов еліміздің Бас прокуроры болып қайта тағайындалды

Сурет: akorda.kz
Берік Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылдың 7 шілдесінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына тағайындалды".

Айта кетсек, Асылов Берік Ноғайұлы 1964 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

С.М. Киров атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, Литва Республикасының Каунас қаласында КСРО Әуе қорғаныс күштерінің қатарында әскери борышын өтеген. 1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде "құқықтану" мамандығы бойынша жоғары білім алған. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2024 жылғы 6 мамырда 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені берілді.

Еңбек жолын Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасында тағылымдамашы қызметінен бастаған.

Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев
ҚР Бас прокуратурасы
Асылов Берік

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды