Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 3 қыркүйекте Ақорданың Telegram арнасында жарияланды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Серік Жұманғарин 1969 жылғы 22 шілдеде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Ленин және Қазан революциясы орденді Мәскеу энергетика институтын "Жылу физикасы" мамандығы бойынша, 1997 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Экономика" мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Халықаралық бизнес академиясында іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 1993 жылы "Тынай" шағын жеке кәсіпорнының коммерциялық директоры қызметінен бастады. 1994-2004 жылдары "Медкорп" ШЖК директоры, "АСБ" ШЖК бас бухгалтері және директоры, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" АҚ өкілдігінің директоры, "Компания Global" ЖШС коммерциялық директоры, "Батыс Ойл Газ" корпорациясы" ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды.
2005-2006 жылдары Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары болды.
2006 жылғы сәуірден желтоқсанға дейін Ақтөбе қаласының Кәсіпкерлік бөлімін басқарды.
2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, 2007-2008 жылдары аталған басқарманың бастығы қызметін атқарды.
2008 жылғы наурыздан маусымға дейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры болды.
2008 жылғы маусымнан 2010 жылғы сәуірге дейін ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
2010 жылғы сәуірден шілдеге дейін "Қазақстандық келісімшарт агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
2010 жылғы шілдеден 2011 жылғы қарашаға дейін "NadLoc" жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2012 жылғы наурыздан шілдеге дейін ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры болды.
2012 жылғы 25 шілдеден 2013 жылғы қаңтарға дейін ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2013 жылғы ақпаннан 2014 жылғы 15 тамызға дейін Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі болды.
2014 жылғы тамыздан 2017 жылғы қаңтарға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2017 жылғы қаңтардан 2019 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі болды.
2019 жылғы 21 мамырдан бастап Қазақстан атынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі, ал 2019 жылғы 20 желтоқсаннан 2020 жылғы 14 қыркүйекке дейін ЕЭК-тің Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі қызметін атқарды.
2020 жылғы 14 қыркүйектен 2022 жылғы 15 тамызға дейін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болды.
2022 жылғы 15 тамыздан 2 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарды.
2022 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалып, 2023 жылғы 3 сәуірде осы лауазымға қайта тағайындалды. Бұл қызметті 2023 жылғы 2 қыркүйекке дейін атқарды.
2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2024 жылғы 6 ақпанда осы қызметке қайта тағайындалып, 2024 жылғы 21 желтоқсанға дейін жұмыс істеді.
2024 жылғы 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметін атқарады.