Бұл туралы ресми ақпаратты 2026 жылғы 3 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі" ААҚ-да заң кеңесшісі қызметінен бастаған.
2001-2002 жылдары ҚР Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінде бас маман, кейін бөлім бастығы болып жұмыс істеді.
2002-2004 жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінде дәрменсіз кәсіпорындарды талдау және мониторингтеу басқармасын басқарды.
2004-2006 жылдары "Қазақстан метрология институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болды.
2006-2007 жылдары Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2007-2008 жылдары Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен "ҚазАгро" холдингі құрылымдарында басшылық қызметтерде болды.
2008-2016 жылдары "ҚазИнСт" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын басқарды.
2016-2018 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры қызметін атқарды.
2018-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болды.
2019-2020 жылдары ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетін басқарды.
2020-2022 жылдары Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр) қызметін атқарды.
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі болды.
2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.