Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы жасақталды: кім қызметінде қалды, кім ауысты

Фото: primeminister.kz
Бүгін, 2026 жылғы 3 қыркүйекте Премьер-министр Олжас Бектенов басқаратын Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы жасақталды. Үкіметте кімдер қызметінде қалғаны және қандай министрлер ауысқаны туралы Zakon.kz материалынан оқи аласыз.

31 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметті 2024 жылғы 6 ақпаннан бері атқарып келеді.

2-3 қыркүйекте Премьер-министрдің орынбасарлары мен министрлердің кандидатуралары Құрылтайдың бейінді комитеттерінде келісіліп, кейін Мемлекет басшысының Жарлықтарымен тиісті лауазымдарға тағайындалды.

Жаңа Үкімет құрамында төрт министр ауысты:

Сурет: Telegram/pressmfakz, primeminister.kz, akorda.kz

Жаңартылған Үкімет құрамында мына лауазымды тұлғалар қызметін сақтап қалды:

Сурет: Zakon.kz

2026 жылғы 31 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр лауазымына қайта тағайындалған Олжас Бектеновті қабылдады. Кездесу барысында Президент Үкіметтің алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерін айқындап, елді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы экономиканың тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз етуге, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және халықтың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсартуға баса назар аударды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновке барлық мемлекеттік органның үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуді, атқарушылық тәртіпті күшейтуді және Үкімет қызметін нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағыттауды тапсырды.

Сол күні Президент Аида Балаеваны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындады. Мемлекет басшысының тағы бір Жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды.

Қазақстан
Астана
Әлназарова Ақмарал
Нұрбек Саясат
Бектенов Олжас
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Балаларға бөлінетін төлемді таппай қалған кейбіреулер желіде дүрбелең туғызды. ҰАТ мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Алматыда күдік тудырған көлікті тексеру кезінде күмәнді сөмке табылды

Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды