Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады".
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайерді және Федералдық канцлер Фридрих Мерцті ұлттық мереке – Германия бірлігі күнімен құттықтаған болатын.