АЭС құрылысы және ядролық қауіпсіздік: Тоқаев Сәтқалиевтің есебін тыңдады

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттіктің 2026 жылы атқарған жұмысының негізгі нәтижелері туралы есебі таныстырылды.

Мемлекет басшысына атом өнеркәсібі мен энергетика жөнінде мәлімет берілді.

Атап айтқанда, АЭС құрылысы, атом ғылымы мен инновацияларды дамыту, маман даярлау және саладағы жобалардың отандық үлесін арттыру мәселелері көтерілді.

Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, радиоактивті қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Президент ұлттық атом энергетикасын ілгерілету мәселелерін айрықша бақылауда ұстауды, сондай-ақ Атом саласының даму стратегиясы аясында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру жөнінде уақтылы шаралар қабылдауды тапсырды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Атлетико Мадрид" футбол клубының бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдаған болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Сәтқалиев Алмасадам

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды