Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды.
"Өндірістік қызметтегі аса үздік еңбегі үшін "Kazakhmys Smelting" ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Қойшыбекұлы Доспановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын", – делінген жарлықта.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.