Паралимпиада-2022: Спортшылардың жағдайы қалай

Сурет: ҰОК/Жеңіс Ағыбай
2022 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындарының алғашқы жарысы 5 наурызда өтеді. Ал Қазақстан құрамасы қысқы ойындарға 26 ақпанда жетіп, ПТР тестін өткен соң Чжанцзякоуға аттанды. Дәл осы жерде биатлон және шаңғы бойынша жарыстар өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл Бейжіңдегі Паралимпиада 4-13 наурыз аралығында өтеді. 4 наурызда Паралимпиада алауы жағылады. Қазақстан атынан биылғы қысқы Паралимпиадаға бес спортшы қатысады. Олар:

Шаңғы спорты мен парабиатлоннан Қазақстан құрамасының бас бапкері Василий Коломиецтің айтуынша, спортшылар Чжанцзякоу олимпиада қалашығына жақсы орналасқан. Еш қиындық болған жоқ.

Мұнда бөлмелер жайлы, мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықталған. Мысалы, тұтқалар, пандустар, лифтілер - бәрі жұмыс істейді, бізге сәйкес келеді. Кез келген спорттық диетаға жарамды тағамдар бар. Вегетариандық тағамдардан ақуыздар мен көмірсуларға бай тағамдарға дейін түгел.Василий Коломиец

Чжанцзякоудағы спорт кешеніндегі шаңғы трассалары отырып сырғанайтын паралимпиадашыларға бөлек, тұрып сырғанайтын спортшыларға бөлек жасалған.

Қазақстан құрамасының бас бапкерінің сөзінше, трасса отырып сырғанайтын спортшылар үшін күрделілігі бар. Қиын да емес, оңай да емес. Ал тұрып сырғанайтын спортшылар үшін жол ыңғайлы, үйреншікті.

Қазақстандық паралимпиадашылардың көңіл-күйі жақсы, командада еш қиындық жоқ. Жаттығулар жоспар бойынша өтіп жатыр. Қазақстандық спортшылар жақсы нәтижеге ұмтылып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін