АЧ-2023: Диас Қален грек-рим күресінен күміс медаль иеленді

Сурет: Instagram/kazakhstan__wrestling
Қазақстан балуаны Диас Кален грек-рим күресінен Азия чемпионатында екінші орын алды. Отандасымыз 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алтынға" таласта Диас қырғызстандық балуан Ақылбек Талантбековке жол берді. Осылайша 2:3 есебімен ұтылған ол Азия чемпионатының күміс медалін қанағат етті. 

Бұдан кейін боз кілемге тағы бір жерлесіміз Олжас Сырлыбай (97 кг)  "қола" үшін таласта үндістандық балуан Нариндер Чеманы 4-1 есебімен ұтып кетті.

2023 жылғы Азия Чемпионатының екі күнгі қорытындысы бойынша грек-рим стилінде күрескен қазақстандық балуандар 8 медаль жеңіп алды. Ибрагим Магомадовтың активінде "алтын", Диас Қален мен Нұрсұлтан Тұрсыновтың есебінде "күміс" және Алматы Кебісбаев, Олжас Сырлыбай, Аманғали Бекболатов, Мұхамедали Мамырбек және Әлімхан Сыздықовтар да бір-бір қола медаль еншіледі.  

Бұдан кейін Азия чемпионаты бағдарламаларының кестесі бойынша елордалық боз кілемге әйелдер мен еркін күрестің өкілдері шығады. Азия чемпионаты 14 сәуірде аяқталады.

Бұған дейін Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен алтын медаль еншілегенін хабарлаған болатынбыз.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы