АЧ-2023: Грек-рим күресінен Ибрагим Магомадов алтын медаль еншіледі
Қазақстан балуаны шешуші жекпе-жекте Иран спортшысы Саид Әли Именталабфуманимен бірге боз кілемге шықты. Есеп: 5:2. Осылайша, Ибрагим Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальды салды.
Магомадовтың алдында қола медаль үшін тағы екі балуанымыз таласты. Бірінші болып өнер көрсеткен Ернұр Фидахметов (60 кг) өз мүмкіндігін пайдалана алмады, сөйтіп 2:4 есебімен қытайлық Лигуо Чаоға жол берді.
Ал Қазақстан командасының тәжірибелі спортшысы Алмат Кебісбаев Тәжікстан өкілі Фируз Мирзораджабовты 7:3 есебімен жеңіп, қола медальға ие болды.
Кешкі сессияда тағы екі қазақстандық спортшы - Диас Қален мен Олжас Сырлыбай боз кілемге шығады. Бірі "алтыннан", екіншісі "қоладан" үмітті.