Жәнібек Әлімханұлы Президентке және қазақстандықтарға үндеу жасады

Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы неміс Винченцо Гуальтиериді жеңгеннен кейін әлеуметтік желіде үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзін қолдағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

"Жеңісіммен құттықтап, қолдауын білдіріп жатқан еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына @tokayev_online алғыс айтамын. Ел президентінен құттықтау қабылдау мен үшін үлкен мәртебе. Сондай-ақ жекпе-жегіме қолдауын көрсеткен Кеңес Рақышев ағама алғыс айтамын. Әрине күллі қазақ жұртына да көп рақмет. Қолдауларыңызды сездім! Жеңіс құтты болсын!"Жәнібек Әлімханұлы


Еске салайық, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 15 қазанда қарсыласын нокаутпен жеңіп, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды.

Мемлекет басшысы боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды