Мемлекет басшысы боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

Жәнібек Әлімханұлы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2023 10:39 Сурет: twitter.com/trboxing
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кәсіби боксшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтьеримен өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске салайық, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 15 қазанда қарсыласын нокаутпен жеңіп, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: